"Айғақ" ақпараттық порталындағы мақала. Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС көрсететін қызметінің сапасын жақсарту үшін инвестиция тартылуда
«Оңтүстік
Жарық Транзит» ЖШС-і Түркістан облысы мен Шымкент қаласының аумағында
электр энергиясын өткізіп — тарату қызметімен айналысады. ЖШС-нің тарапынан
көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту үшін ҚР Ұлттық Экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу және Бәсекелестікті қорғау Комитеті аймақтағы
Департаментінің келісімімен және облыс әкімдігімен бірлесіп,
инвестициялық бағдарлама бекітілген.
Инвеститциялық бағдарламаны іске асыру үшін 11 жылға 34 млрд. теңге бөлінген. Бағдарламаның мақсаты тұтынушыларды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету, авариялық жағдайлардың алдын-алу, құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігін күшейту, тұтынушылардың көбеюіне байланысты қосымша қуат жеткізу болып табылады. Инвестициялық бағдарламаның аясында 8 шағын ауданның электр қуатын тарататын электр жүйесін жаңартқан. Сонымен қатар, ұзындығы 4685 шақырымдық электр тарату желілерін, 72 шағын станция мен 782 жиынтық трансформаторлы жаңартудан өтті. Серіктестік алдағы уақытта дәл осындай нәтижелі жұмыстар атқаруды жоспарға алған.