Оңтүстiк Жарық
Транзит
сенім телефоны
8 (7252) 505-711

ҰСТАНЫМ САЯСАТЫ

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӘСІБИ ҚАУІПСІЗДІК,
САПА ЖӨНІНДЕГІ САЯСАТ

        «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 8 шілде 2005 жылы құрылып, Түркістан облысы мен Шымкент қаласына электр энергиясын өткізіп-таратушы қызметпен айналысатын ірі қазақстандық компаниялар құрамына еніп отыр. Құрылған күнінен бастап, Компания электр энергиясын таратуда өзінің бай тәжірибесін жинақтады. Сонымен қатар, өз дәстүрін қалыптастырып, өзін сенімді серіктес ретінде танытты.

Компания міндеті:

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қызметіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсуіне серпін беретін халықаралық стандарттарға сай 110/35/6-10/0,4 кВ-тық кернеулі шағын станциялар мен электр жүйелерін пайдалана отырып, тұтынушыларға сапалы да, тұрақты электр қуатын тарату кіреді.

Компания стратегиясы:

- Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тұрақты дамушы, динамикалық өсімі мен технологиялық қамтылу деңгейі жоғары Компания дәрежесін сақтап қалу;

- Тұтынушылардың талабы мен сенімін ескере отырып, қызмет сапасын арттыру;

- Туындаған мәселелерді дер кезінде анықтай отырып, оның шешілуін қарастыру, осы арқылы жайлы ортаны қалыптастырып, еңбек ұжымын сақтап қалу;

Компания қағидалары:

- Электр энергиясын тұтынушыға таратудағы кепілді сенімділік;

- Жаңа технологияларды пайдалана отырып, уақыт талабына сай қызмет көрсетіп, алғы шепте жүру;

- Қызмет көрсету сапасы нормативті талаптарға сай келуі тиіс.

Бұл міндеттердің орындалуы Компания ұжымы қызметіндегі келесі негізгі бағыттарды қамтамасыз етеді:
Барлық қызметкерлер халықаралық стандарт менеджменттеріне, ішкі нормативті құжаттар мен еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес, өз қызметтерін жүзеге асырады. Осы арқылы корпоративті этиканы сақтай отырып, жеке тұлға қағидасын құрметтеп, түсіністігі мен өзара сенімі жарасқан үлкен команданы қалыптастырды.
Компанияның метариалды-техникалық базасын дамыту – жүйелерді қайта жарақтап, жаңа техникалар және жабдықтармен қамту.

Компания қызметіне кәсіби тәуекелділіктер туралы хабардар ету арқылы оны азайтып, еңбек жағдайын жақсарту, апатты және техногенді жағдайларда жарақаттану жайын кеміте отырып, техникалық қауіпсіздікті сақтау кіреді.

Көшбасшылық қасиеттерді дамытып, жүйелі түрде жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, осы арқылы сапалы менеджментке қол жеткізу болып табылады.
Компания басшылығы ISO 9001 және OHSAS 18001 халықаралық талаптары мен мемлекеттік заңдардың, мекеме саясатына қатысты аталған барлық қағидалардың орындалуына толықтай жауап береді.

"Оңтүстiк Жарық Транзит" ЖШС
© 2018, барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., 160000, Энергетиктер к., 1.