Оңтүстiк Жарық
Транзит
сенім телефоны
8 (7252) 505-711

КӘЖ

 ОҚО Электр энергетикасы жұмысшыларының жергілікті Кәсіп Одағы Қоғамдық Бірлестігі ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық Кодексі, ҚР «Кәсіп Одақтар туралы» Заңдары негізінде жұмысын жүзеге асыруда. Жергілікті Кәсіп Одақ Бірлестік мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек турасындағы кәсіби заңды құқықтарын қорғайды.

Бүгінде жергілікті Кәсіп Одақ «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің жұмысшыларын біріктіріп отыр. Оның құрамына 3282 еңбеккер мүшелікке ие.

Жергілікті Кәсіп Одақ түрлі қызметтерді атқарады. Еңбек қауіпсіздігін қорғау, еңбек қатынастарындағы дауларды шешу, жұмыс берушімен Ұжымдық келісім-шарт түзу сияқты құзыретке ие. Жұмыс берушімен бірлесе отырып, мәдени спорттық шаралар ұйымдастыру, оның ішінде Наурыз мейрамы, Жеңіс күніне байланысты ҰОС, тыл және оған теңестірілген ардагерлерді құттықтау, Энергетиктер күніне іс-шаралар жоспарлау және спартакиадалар өткізеді.

Ұжымдық келісім-шартта еңбек қуаіпсіздігі мен денсаулықты сақтау негізінде барлық қажетті жағдайлар жасау көрсетілген. Соның ішінде әлеуметтік қорғау бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді:

- Жұмыскердің санаториялық-курорттық емделу жолдамасының бір бөлігін төлеу, еңбеккерлердің балалары үшін сауықтыру лагерлеріне берілетін жолдаманың бір бөлігін төлеу;

- Жұмыскерлердің емделуіне қажетті материалдық көмек беру;

- Жұмыскердің жақындары немесе өзінің қайтыс болуына байланысты материалдық көмек беру;

- Жеңіс күні, қарттар күніне күніне орай, ҰОС, тыл еңбеккерлері және оған теңестірілген ардагерлер мен қарияларға бір реттік мерзімдік ақы төлеу.

"Оңтүстiк Жарық Транзит" ЖШС
© 2018, барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., 160000, Энергетиктер к., 1.