Оңтүстiк Жарық
Транзит
сенім телефоны
8 (7252) 505-711

ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-не тиесілі желінің ұзындығы 23 335 шақырымды құрайды. Төмендеткіш қосалқы станция саны-250. ТП, КТП (Трансформаторлы қосалқы станция, жиынтық трансформаторлы қосалқы станция) – 5 631 дана. Тұтынушылар саны Шымкент қаласы мен облыс аумағын қоса алғанда 594 125 абонентті құрап отыр. Барлық абоненттер 100% есептегіш құралмен қамтылған.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС үшін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және Бәсекелестікті қорғау Комитеті Департаменті және облыстық әкімдікпен келісе отырып, инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға 7 жыл мерзім бекітілді. Инвестициялық бағдарламаға: ұзындығы 4 156 шақырымдық 0,4-110 кВ электр тарату желілерін, 70 дана 35-110 кВ шағын станцияны, 774 дана 10/0,4 кВ ТП, КТП-ны қайта жарақтау енгізілді. Сонымен қатар, ұзындығы 275 шақырымдық 0,4-10 кВ жаңа электр жүйесінің құрылысы бекітілді. Оның ішінде жалпы саны 10 032 тұрғын үйі бар 20 тұрғын алапты қамтитын (Шымкент қаласы бойынша 8996 тұрғын үйі бар 15 тұрғын алап, қаралған қаржы 3,15 млрд теңге) жаңа жүйенің құрылысы қоса енгізілген. Бұған қажетті қаралған қаржы көлемі 3,3 млрд теңге.

2011-2018 ж. аралығында ұзындығы 4685,3 шақырымды құрайтын кернеуі 110-0,4 кВ электр тарату желілері, 72 шағын станция, 782 КТП қайта жарақтаудан өтті. Жаңғырту жұмыстарының аясында АС-70 желісі АС-120 желісіне, ПФ-6 оқшаулағышы ПС-70, ПСД-70 оқшаулағышына алмастырылды. Бұған қоса, құстан қорғайтын құралдар орнатылды. Ескі ағаш бағаналар жаңа темір бетонды бағаналарға ауыстырылды. Сондай-ақ, ШФ-35 маркілі қада оқшаулағыштар ПС-70 шыны оқшаулағышына, АС-35 желісі АС-70 желісіне алмастырылды. Бұл өз кезегінде желінің өткізу қабілетін жоғарылатып, тұтынушыларды сапалы да, сенімді қуатпен қамтиды. Сонымен қатар арнайы жоба әзірленіп, ВЛ 10, 0,4 кВ әуе желілері заманауи СИП (өзін көтеруші оқшауланған сым) желісіне ауыстырылды. Оның жалпы ұзындығы 1 578,8 шақырымды құрайды. Бұл тұрғыда желілердің барлық бағаналары темір бетонды бағаналарға жаңартылды. Шағын станцияларда ескі КРУН-10кВ К-30 майлы ажыратқышты құрылғылар вакуумды немесе элегазды су жаңа ажыратқыштарға алмастырылды. Автоматика және релелік қорғаныс құралдары жаңғыртудан өтті. Бұған дейін жұмыс істеп тұрған ескі трансформаторлар жаңартылып, олардың қуаттылығы арттырылды.

2014-2015ж. аралығында ПС 110/10-10 кВ «Северная» және ПС 110/10-10 кВ «Нұрсәт» жабық типтегі заманауи шағын станциялар салынып, пайдалануға берілді. Олардың әрқайсының қуаттылығы 80 000 кВА құрайды. Бұл нысандар «Нұрсәт» шағын ауданындағы жаңа құрылысты және әкімшілік-іскерлік орталығын қуатпен қамтуға арналған. ПС 110/10-10 кВ шағын станцияларының құрылысы барысында соңғы технологиялар енгізіліп, жаңа жабдықтар орнатылды.
Халық санының қарқынды өсуі, жаңа шағын аудандар мен онда әлеуметтік маңызды (мектеп, аурухана, емхана, бала-бақша) нысандардың салынуына байланысты Қара жол-1,2, Жайлау, Тараз шағын аудандары мен Қызылсу, Артель (Исфиджаб), К.Маркс тұрғын алаптары және Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ем қамтитын 10-0,4 кВ жаңа электр жүйелерінің құрылысы жүргізілді. Сондай-ақ, Көмеш-бұлақ 3510 шағын станциясы салынып, екі ауысымды 35 кВ әуе желісі тартылды. Бұдан бөлек, 4 3510 кВ шағын станцияның құрылысы жүргізілді. Жалпы алғанда, 224,3 шақырым электр тарату желісі, 5 шағын станция және 69 ТП, КТП пайдалануға берілді.

«Забадамская» 110/35/10кВ шағын станциясы 1984 жылы пайдалануға берілген болатын. Ол кезде 2 х 10 мВА қуатты трансформаторлар орнатылған. Шағын станция Шымкенттің солтүстік аумағындағы Забадам, Қарабастау, Жұлдыз, Ақжар, Ақтас, Жаңаталап және Сәуле, Қазығұрт шағын аудандарын қамтамасыз етеді. Қазір «Забадамская» шағын станциясы 60 000 тұрғыны бар жеке тұрғын үй секторын, 245 шағын және орта кәсіп нысандарын, сауда-логистикалық орталығын, қоқыс өңдейтін зауыт, әскери бөлім, газ насосты станциясы сияқты әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық нысандарды тұрақты түрде электр қуатымен қамтып отыр.
Бұған дейін 110/35/10 кВ «Забадамская» шағын станциясында 10 кВ жиынтықты тарату жабдығы орнатылған болатын. Онда ВМП-10кВ майлы ажыратқыштың модификациясы ескірді.

Осыған байланысты шағын станцияның Шымкенттің солтүстік аумағындағы атқаратын қызметінің маңыздылығын ескеріп, әрі тұтынушыларды қуатпен қамту сапасын арттыру үшін майлы ажыратқышы бар КРУН-10 кВ жиынтық таратушы жабдығын вакуумды ажыратқышы бар КРУН-10кВ су жаңа құрылғысына алмастырды. Оның жалпы саны 24 жиынтықты құрап отыр.

Жаңғырту жұмыстары барысында релелік қорғаныс және автоматика құрылғылары да жаңартылды.

Атқарылған ауқымды жұмыстың нәтижесінде:

- тұтынушыларды электр қуатымен қамтудағы сенімділік жоғарылады;

- жеткізілетін электр қуатының сапасы артты

- авариялық жағдайлар кеміді

- құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігі күшейтілді

- маңызды құрылғылар мен жабдықтардың тозу қаупі азайды.

Энергетика нысандарының жаңадан салынуы, ал қолданыстағы нысандардың жаңғыртылуы мен қайта жарақталуы жолындағы барлық жұмыстар «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тұтынушыларын сапалы электр қуатымен қамтуға бағытталған. 

"Оңтүстiк Жарық Транзит" ЖШС
© 2018, барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., 160000, Энергетиктер к., 1.