Оңтүстiк Жарық
Транзит
сенім телефоны
8 (7252) 505-711

БАСШЫЛЫҚ

Бас директор - Игисинова Салтанат Жаңалыққызы, 1973 жылы 8 маусымда Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұдан бөлек, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ жанындағы «Стратегиялық менеджмент» бағдарламасы бойынша Халықаралық Бизнес мектебінің түлегі. Ғылым докторы. Executive MBA стратегиялық менеджменті мамандығы бойынша әкімшілік іскерлік магистрінің академиялық дәрежесін алған. DBA – докторантурасын (Швейцариялық бағдарлама) қорғап шыққан.
1996 жылдан бері энергетика саласында еңбек етіп келеді.
- 2006-2012 ж.ж. - «Энергопоток» ЖШС Бас директоры;
- 2012-2017 ж.ж. – «Оңтүстік Жарық» ЖШС Бас директоры;
- 2017-2020 ж.ж. – «Маңғыстау аймақтық электржүйесі компаниясы» АҚ Басқарма Төрайымы.
- 2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Бас директоры.
Салтанат Игисинова елеулі еңбегіне байланысты бірқатар мемлекеттік және салалық марапаттарға ие.

Техникалық директор – Тастанов Архабай Нұрматұлы, 05.01.1967 жылы туғанбілімі жоғары энергетикалық, Алматы энергетикалық институтын бітірген, мамандығы – «Электрэнергетикалық жүйелер мен желілер», біліктілігі – «Инженер - электрик».

Энергетика саласындағы еңбек өтілі: 1991 жылдан бастап.

Отбасы жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.

09.2005ж. – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Шымкент қалалық ЭЖ бас инженері;
02.04.2012 ж. бері – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Техникалық директоры.

Атқарушы директор – Ыдырысов Жандарбек Аппазұлы, 26.11.1962 жылы туған. Білімі жоғары педагогикалық, Әл-Фараби атындағы ҚҰМУ бітірген. Мамандығы – «Қазақ тілі және әдебиеті, араб тілі», Біліктілігі – «Филолог, қазақ тілі және әдебиеті, араб тілінің мұғалімі».

Энергетика саласындағы еңбек өтілі: 2003 жылдан бастап.

Отбасы жағдайы: үйленген, 5 баласы бар.

08.2005ж. - «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Материалдық-техникалық қамту қызметінің басшысы.
28.02.2008ж. бері – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Атқарушы директоры.

Қаржы директоры – Гундарева Надежда Геннадьевна, 28.08.1974 жылы туған. Білімі жоғары экономикалық. Шымкенттегі Қазақ техникалық университетін бітірген. Мамандығы – «Құрылыс материалдарының экономикасы», біліктілігі – «Экономист».

Энергетика саласындағы еңбек өтілі: 2011 жылдан бастап.

Жанұя жағдайы: отбасылы, 2 баласы бар.

09.08.2016ж. бері - «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Қаржы директоры.

"Оңтүстiк Жарық Транзит" ЖШС
© 2018, барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., 160000, Энергетиктер к., 1.