БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР - 17.03.2020-ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұйрықта электроэнергетика саласындағы келесі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: "Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығына, "Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығына және "Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығына.
Бұйрық келесі өзгерістер мен толықтыруларды көздейді:
- тұтынушының электрмен жабдықтау шартына физикалық қол қою қажеттілігі алып тастау;
- тұтынушыға (жеке және заңды тұлғаларға) «бір терезе» қағидаты бойынша электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін құжаттарды тапсыру мүмкіндігі;
- электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін құжаттар санын қысқарту;
- энергиямен жабдықтаушы ұйымды ауыстыру кезіндегі жағдайды жақсарту;
-техникалық шартарды алу үшін мерзімдер мен құжаттарды қысқарту;
-тұтынушының энергия беруші ұйыммен жобалау құжатын келісілу нормасын алып тастау;
-тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасында төлем құжаттарын беру-алу қағаз құжат айналымын қысқарту;
-тұтынушының тұтыну шарттарын бұзған жағдайында қайта есептеу шарттарын жақсарту (қайта есептеу өшірусіз жүргізіледі).