БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР - 14.10.2019-ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР


Қазақстан
Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен
бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі –
Департамент) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде
жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына сәйкес 15 тамыздан 30 қыркүйекке
дейін қоса алғанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және
энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде (бұдан әрі - Комитет) және оның
аумақтық департаменттерінде 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік
паспорттарын беру және қарастыру үшін материалдарды қабылдау бойынша жұмыстарды
жүзеге асырды.
Сондай-ақ Шымкент қаласының
энергетикалық кәсіпорындарының ұсынылған материалдарын қарау нәтижесінде
Комитет «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС және «3-Энергоорталық» АҚ-ға, ал
Департамент «Нұр-Арыстан» ЖШС, «Энергострой-Indastri» ЖШС және «Шымкент
әуежайы» АҚ-ға 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын
берді.
Сонымен қатар,
Шымкент қаласындағы энергетикалық кәсіпорындардың алдағы 2019-2020 жылдардағы
күзгі-қысқы кезеңге дайындығы, сондай-ақ өтуі Департаменттің тұрақты
бақылауында.