Оңтүстiк Жарық
Транзит
сенім телефоны
8 (7252) 505-711

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР - 09.09.2019-ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті 2019 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің төрағалығымен «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша алқа отырысы өткенін хабарлайды. 

Осы отырысқа отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі  Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Отырыс барысында Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру тұрғысынан ОЭК-ті дамытуға жағдай жасау үшін жүргізілген және жүргізіліп жатқан заңнамалық жағдайлар белгіленді:

«Жер қойнауын пайдалану саласын жандандыру үшін заңнамалық реформалар жүргізілді және жаңа Салық кодексі мен Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс қабылданды. Жер қойнауын пайдалану саласын реттеуді  жеңілдету және теңізде геологиялық барлау үшін преференцияларды құру теңіз жобаларын іске асыруды жандандыруға мүмкіндік берді. 2025 жылға дейін Исатай, Абай, Жеңіс, Қаламқас-теңіз және Хазар жобалары бойынша жалпы инвестициялардың көлемі 5 млрд. астам АҚШ долларын құрайды.

Мұнай өңдеу секторында жаңғыртуды аяқтағанның арқасында мұнай өңдеу зауыттарының қуаты мен мұнайды өңдеу тереңдігі, сондай-ақ шығарылатын мұнай өнімдерінің сапасы артты.

Ағымдағы жылы ішкі нарықта оң әсер байқалады. Мәселен, а.ж. 8 ай ішінде мұнай өңдеу көлемі өткен жылғы кезеңге қарағанда 6%-ға өсті.

«Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу жобасын уақтылы іске асыру Министрлік үшін маңызды міндет болып табылады. Газ құбыры Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалалар тұрғындары мен тас жолының бойында жақын орналасқан елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Келесі сектор – бұл мұнай-газ-химия секторы, оның ел экономикасы үшін үлкен әлеуеті бар. Ағымдағы күні неғұрлым перспективалы жобалардың ішінде жалпы құны 12 млрд. АҚШ долларды құрайтын бірқатар газ-химия инвестициялық жобаларын атап өтуге болады. Оның ішінде, жақын шет елдер арасындағы полимерлер өндіретін ең ірі Полипропилен және Полиэтилен жобалары. Екі жоба бойынша инвестиция көлемі 9 млрд. АҚШ долларды құрайды. 

Мемлекет Басшысының Жолдауында жаңартылатын энергетика секторын кеңейтудің қажеттілігі атап өтілді.

ЖЭК секторында соңғы жылдары үлкен заңнамалық жұмыстар жүргізілді. Дамыту үшін жағдай жасалды. Қазіргі уақытта ол өз жемісін берді, ЖЭК секторы белсенді дамып келеді. ЖЭК-тің үлесі электр энергияны өндірудің жалпы көлемінде 2020 жылғы дейін 3% - ға, 2025 жылға қарай 6%-ға, 2030 жылға қарай 10% - ға артады.

Министр атап өткендей, Министрлік алдында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет – Слышащее государство» қағидатын жұмысымызда барынша қолдану міндеті қойылады. Салаларды дамыту бойынша барлық өткізіліп жатқан заңнамалық шаралар жұртшылық пікірімен тығыз байланысты болуға тиіс.

Отырыстың соңында Министр Президенттің Жолдауын іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Фото1

"Оңтүстiк Жарық Транзит" ЖШС
© 2018, барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., 160000, Энергетиктер к., 1.