Оңтүстiк Жарық
Транзит
сенім телефоны
8 (7252) 505-711

БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР - 15.04.2022-ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында кезекті дөңгелек үстел "Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС-де өтті.
Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова,  Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бас маманы Б. Әбдікәрімов,  серіктестік басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оның жауапкершілігі бойынша ақпарат берді.
Сонымен қатар, квазимемлекеттік компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу бойынша міндет заңнамалық деңгейде енгізілгендігі және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейтіндігі айтылды.
Жиын соңында мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
"Оңтүстiк Жарық Транзит" ЖШС
© 2018, барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., 160000, Энергетиктер к., 1.