БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР - 05.04.2021-ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
05.04.2021 ж. жағдай бойынша "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС күшімен
келесі жұмыстар орындалды:
Отырар ауданында "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС қызметкерлерінің жедел әрекеттерімен ӘЖ-35 кВ Л-50 қалпына келтірілді және 35/10 кВ ХХП және "Шелек" қосалқы станцияларына кернеу берілді. 25 елді мекеніне электр энергиясын беру қалпына келтірілді (абоненттердің жалпы саны – 7702), 13 елді мекенде (абоненттердің жалпы саны – 2116) электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Бәйдібек ауданында ӘЖ-35 кВ Л-61 және 35/10 кВ "Жүзудік","Бөген" ҚС-на жедел түрде жұмыс жасалып, кернеу берілді. Электр энергиясын беру 20 елді мекенде (абоненттердің жалпы саны – 5070), 14 елді мекенде (абоненттердің жалпы саны - 1330) қалпына келтірілді.
Ордабасы ауданында жедел әрекеттермен 14 елді мекенде электр энергиясын беру қалпына келтірілді (абоненттердің жалпы саны – 3960). 2 елді мекен электр энергиясымен жабдықтаудан ажыратылған (абоненттердің жалпы саны – 31).
Салдарды жедел жою бойынша жұмыстар жұмыс, демалыс және мереке күндері де кешке дейін жүргізілуде. Біз электр энергиясын беруді тез қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз.