БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР - 30.03.2021-ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
30.03.2021 ж. жағдай бойынша "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС күшімен келесі жұмыстар орындалды:
⠀
Отырар ауданында "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС
қызметкерлерінің жедел әрекеттерімен 21 елді мекенде электр энергиясын беру
қалпына келтірілді (абоненттердің жалпы саны - 6684), 19 елді мекенде
(абоненттердің жалпы саны – 2916) электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша
жұмыстар жалғасуда.
⠀
Бәйдібек ауданында 17 елді мекенде электр энергиясын беру
жедел қалпына келтірілді (абоненттердің жалпы саны - 4657), 18 елді мекенде
(абоненттердің жалпы саны – 1943) зардаптарды жою жұмыстары жалғасуда.
⠀
Ордабасы ауданында жедел әрекеттермен 13 елді мекенде
электр энергиясын беру қалпына келтірілді (абоненттердің жалпы саны - 3368). 2
елді мекен электр энергиясымен жабдықтаудан ажыратылған (абоненттердің жалпы
саны - 623).
⠀
Салдарды жедел жою бойынша жұмыстар жұмыс, демалыс
және мереке күндері де кешке дейін жүргізілуде. Біз электр энергиясын беруді
тез қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз.