БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР - 25.03.2021-ТАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
25.03.2021 ж. жағдай бойынша "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС күшімен келесі жұмыстар орындалды:
Отырар ауданында "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС қызметкерлерінің жедел әрекеттерімен 11 елді мекенде электр энергиясын беру қалпына келтірілді (абоненттердің жалпы саны - 4917), 27 елді мекенде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Бәйдібек ауданында 9 елді мекенде (абоненттердің жалпы саны - 3191) электр энергиясын беру жедел қалпына келтірілді, 26 елді мекенде жұмыстар жалғасуда.
Ордабасы ауданында бүгінге 5 елді мекенде электр энергиясын беру қалпына келтірілді (абоненттердің жалпы саны - 2170). 10 елді мекен электр энергиясымен қайта қосу жүргізіліп жатыр (абоненттердің жалпы саны - 1021).
Салдарды жедел жою бойынша жұмыстар жұмыс, демалыс және мереке күндері де
кешке дейін жүргізілуде. Біз электр энергиясын беруді тез қалпына келтіру үшін
қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз.