Оңтүстiк Жарық
Транзит
телефон доверия
8 (7252) 505-711

НАШИ НОВОСТИ

25.03.2021
22.03.2021
17.03.2021

17.03.2021 жылғы сағат 21:00 жағдай бойынша «Оңтүстік Жарық
Транзит» ЖШС күшімен келесі жұмыстар орындалды:



ӘЖ-110кВ Ж-162 зақымдануы жедел қалпына келтірілді және осы
ӘЖ-110кВ қуат берілді, осылайша Кентау қаласының тұтынушыларын электрмен
жабдықтау толық қалпына келтірілді.



Бұдан бұрын, қолайсыз ауа райы жағдайлары салдарынан
Түркістан қаласының маңындағы тұтынушылар, атап айтқанда, «Түркістан» ҚС
110/35/10кВ электр энергиясымен жабдықталатын Ынтымақ, Нұра, Ескі Иқан елді
мекендері (абоненттер саны-9726) кернеуден ажыратылды.



Қазіргі уақытта Ынтымақ, Ескі Иқан елді мекендерін электрмен
жабдықтау (абоненттер саны - 9555) толық қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта
Нұра және Ащысай елді мекендерінің тұтынушылары электр энергиясымен
жабдықтаудан ажыратылған (абоненттер саны - 500). Электрмен жабдықтауды қалпына
келтіру жұмыстары жалғасуда.



Отырар ауданында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС
қызметкерлерінің жедел әрекеттерімен ӘЖ-110кВ 180-Ж, 172-Ж зақымдары жойылды
және ажыратылған 110/10кВ «Ақтөбе» ҚС және 110/35/10кВ «Көксарай» ҚС-ларына
кернеу берілді. Қазіргі уақытта осы қосалқы станцияларға қосылған ӘЖ-10кВ
қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.



Ордабасы ауданында электр энергиясымен ӘЖ-35кВ 53-Ж, Су
қоймасы-Ж қамтамасыз етілетін 15 елді мекен тұтынушылары (абоненттердің жалпы
саны-3990) электр энергиясынан ажыратылған. Қазіргі уақытта ӘЖ-35кв 53-Ж
зақымдануы жойылды және 2 елді мекен қосылды (абоненттердің жалпы саны - 800).



Бәйдібек ауданында 35 елді мекен электр энергиясымен
жабдықтаудан ажыратылған. Жоғарыда аталған елді мекендерді электрмен
жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.



Қолайсыз ауа райы жағдайлары салдарынан келтірілген жалпы
шығын - 420.000.000 теңгені құрайды. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і электрмен
жабдықтауды қалпына келтіру бойынша бар күшін салып жатыр және табиғи
құбылыстардың салдарын өз күшімен, өз қаражаты есебінен жоюда.







17.03.2021
11.03.2021
ТОО "Оңтүстiк Жарық Транзит"
© 2018, все права защищены
РК, 160000 город Шымкент, улица Энергетиков, 1