НАШИ НОВОСТИ - НОВОСТЬ ОТ 30.09.2024
Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің
Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары
штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды. Электр энергиясын тұтынушылар
толық көлемде жабдықталған. Ағымдағы жылғы 30 қыркүйектегі жедел ақпаратқа
сәйкес электр энергиясын ажыратылған тұтынушылар жоқ.
Сондай-ақ,
2024 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жедел ақпаратқа сәйкес: «3-Энергоорталық»
АҚ – да электр энергиясын өндіру 75 МВт құрайды және жұмыста № 2- қазандық және
№ 2- турбина.
Сонымен
қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС энергия беруші ұйымдары мен «KEGOС» АҚ «Оңтүстік
жүйеаралық электр желілері» филиалы авариясыз режимде жұмыс істеп жатқанын
хабарлаймыз.