НАШИ НОВОСТИ - НОВОСТЬ ОТ 31.01.2022
Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің
Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары
штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды. Электр энергиясын тұтынушылар
толық көлемде жабдықталған. Ағымдағы жылғы 31 қаңтардағы жедел ақпаратқа сәйкес
электр энергиясын ажыратылған тұтынушылар жоқ.
Сондай-ақ,
2022 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша жедел ақпаратқа сәйкес: «3-Энергоорталық»
АҚ – да электр энергиясын өндіру 137 МВт құрайды және жұмыста № 2,3 - қазандық және
№ 1,2 - турбина.
Сонымен
қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС энергия беруші ұйымдары мен «KEGOС» АҚ «Оңтүстік
жүйеаралық электр желілері» филиалы авариясыз режимде жұмыс істеп жатқанын
хабарлаймыз.